Matchday: "Ордабасы" чемпиондыққа лайық
Бағдарламаның бүгінгі шығарылымы Қазақстан Премьер-лигасының 29-турына арналды.
"Ордабасы" – футболдан Қазақстанның екі дүркін чемпионы. Шымкенттік клуб маусым аяқталуына бір тур қалғанда чемпиондық атақты мерзімінен бұрын қамтамасыз етті. Бұған "Ақтөбе" мен "Қайрат" арасындағы кездесудің тең аяқталуы себеп болды.
Бағдарламаның бүгінгі шығарылымы Қазақстан Премьер-лигасының 29-турына арналды.
Студияда "Ордабасының" "Жеңіспен" тең ойнауы, "Қайраттың" шешуші сәтте маңызды үш ұпайдан айырылуы және чемпиондық жарыстың қалай аяқталғаны талқыланды.
ҚПЛ-дегі соңғы интрига
Шығарылымда "Астананың" "Оқжетпеске" үміт сыйлауы да сөз болды. Сонымен қатар "Қайсардың" маусымның соңғы сәтіне дейін ҚПЛ-дегі орнын сақтап қалуға талпынып жатқаны резиденттер әңгімесіне арқау болды.
Шығарылым барысында Талғат Байсуфиновтың "Қайсарға" тағайындалуы, Виктор Мозестің ерекшелігі, қызылордалық жанкүйерлердің ақталмаған үміті туралы да айтылды. Бағдарламаның арнайы қонағы – "Қайсар" клубының өкілі Айбек Қабылша.