"Қайрат" Рафаэль Оразбахтинмен қоштасты
Рафаэль Оразбахтин "Қайраттың" негізгі командасын 2024 жылдың қыркүйегінде қабылдаған болатын.
Алматылық "Қайрат" клубы бас бапкер Рафаэль Оразбахтиннің қызметінен кеткенін ресми түрде хабарлады. Клуб мәліметінше, қазақстандық маман отставкаға өз еркімен өтініш берген. Басшылық оның шешімін қабылдады.
"Қайрат" футбол клубы Рафаэль Радиковичке атқарған жұмысы, кәсібилігі, клуб тарихына қосқан өлшеусіз үлесі үшін шынайы алғыс айтады. Алдағы мансабына сәттілік тілейміз!", – делінген ресми хабарламада.
Рафаэль Оразбахтин "Қайраттың" негізгі командасын 2024 жылдың қыркүйегінде қабылдаған болатын. Алғашқы маусымының өзінде ол алматылық клубпен Қазақстан чемпионы атанды.
2025 жылы оның жетекшілігімен "Қайрат" Қазақстан Суперкубогын жеңіп алып, ел чемпиондығын қорғады. Сондай-ақ клуб тарихында алғаш рет УЕФА Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіне жолдама алды.
2026 жылғы маусымда команда Конференциялар лигасының жалпы кезеңіне шығып, Қазақстан чемпионатын екінші орынмен аяқтады.
"Қайратты" уақытша Жора Арутюнян басқарады
Клуб бас бапкер міндетін атқарушы ретінде Жора Арутюнянды тағайындады. Ол бұған дейін "Қайрат-Жастар" командасын жаттықтырды.
Арутюнянның жетекшілігімен алматылық клуб алдағы "Алтайға" қарсы матчқа дайындалады.
"Қайрат" чемпиондық мүмкіндігін жоғалтты
Бұған дейін "Қайрат" Қазақстан Премьер-лигасының 29-турында "Ақтөбемен" 2:2 есебімен тең ойнады. Осы нәтижеден кейін алматылық команда чемпиондыққа таласу мүмкіндігінен айырылды және ел біріншілігін үшінші жыл қатарынан жеңу мақсаты орындалмады.