Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Чемпиондықтан айырылған "Қайрат" жаңа бас бапкерін таныстырды

Клубтың баспасөз қызметі жаңа мамандардың есімдерін жариялап, олардың бұған дейінгі қызметі мен тәжірибесі туралы мәлімет берді.

Чемпиондықтан айырылған "Қайрат" жаңа бас бапкерін таныстырды
instagram.com/f.c.kairat/

Жаңа бас бапкер кім?

Команданың бас бапкері міндетін уақытша Жора Арутюнян атқарады. Ол 2013 жылдан бері "Қайрат" клубының құрылымында еңбек етіп келеді. 2024 жылдан бастап "Қайрат-Жастар" командасын жаттықтырған маман биыл шәкірттерімен бірге Қазақстан Бірінші лигасының күміс жүлдесін жеңіп алды.

Сонымен қатар Арутюнян УЕФА Жастар лигасында өнер көрсеткен "Қайрат" U-19 командасын басқарған.

Жаңартылған жаттықтырушылар құрамына кімдер кірді?

Тимур Қасымов бас бапкердің көмекшісі болады. Ол бұған дейін "Қайрат" академиясы мен "Қайрат-Жастар" командасында жұмыс істеген. 2026 жылдың сәуір айынан бастап Қазақстанның 19 жасқа дейінгі жастар құрамасының аға жаттықтырушысы қызметін атқарып келеді.

Екінші көмекші атанған Владимир Плотников – "Қайраттың" бұрынғы қақпашысы. Алматылық клуб сапында 114 кездесу өткізген. Биылғы маусымда "Қайрат" U-18 командасының жаттықтырушылар штабында еңбек етті.

Алексей Анкудинов жаттықтырушы-талдаушы қызметін атқарады. Ол клуб академиясында және "Қайрат-Жастар" командасының жаттықтырушылар құрамында болды. Ал қақпашылар жаттықтырушысы Илья Юров пен дене дайындығына жауапты Артём Савельев негізгі командадағы жұмыстарын жалғастырады.

Оразбахтин неліктен қызметінен кетті?

Еске салайық, бүгін "Қайрат" Рафаэль Оразбахтиннің бас бапкер қызметінен кеткенін ресми түрде хабарлады.

Бұл өзгеріс алматылық клуб Қазақстан Премьер-лигасының 2026 жылғы маусымында чемпиондық атаққа таласу мүмкіндігін жоғалтқаннан кейін орын алды.

Чемпионаттың аяқталуына бір тур қалғанда "Қайрат" алтын медальдан күдер үзіп, чемпиондық бәсекеде Шымкенттің "Ордабасы" командасына жол берді. Осылайша алматылық клуб маусымның шешуші кезеңін жаңартылған жаттықтырушылар құрамымен аяқтайды.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Клуб беті: Қайрат 2-орын