Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

"Манчестер Юнайтедтің" бұрынғы жұлдызы Қазақстаннан кететінін айтты

Луиш Нани Қазақстан Премьер-лигасының 2026 жылғы маусымы аяқталғаннан кейін "Ақтөбеден" кететінін хабарлады.

"Манчестер Юнайтедтің" бұрынғы жұлдызы Қазақстаннан кететінін айтты
instagram.com/fcaktobe_official/

Ақтөбелік жанкүйерлерге алғыс айтты

39 жастағы жартылай қорғаушы бұл туралы Instagram желісіндегі жеке парақшасында жазып, ақтөбелік жанкүйерлерге және қазақстандықтарға алғысын білдірді.

"Бұл менің "Ақтөбе" сапындағы соңғы үйдегі ойыным болды. Біздің ортақ сапарымыз аяқталуға жақын. Бірақ бірге қандай керемет жолдан өттік! Осы тамаша клубтың әрбір өкіліне, Ақтөбе қаласының тұрғындарына және барша қазақстандықтарға шын жүректен алғыс айтамын. Сіздердің ыстық ықыластарыңыз бен ерекше қабылдауларыңызды ешқашан ұмытпаймын.

Чемпионатта әлі бір матч қалды. Дегенмен өмірімнің осы кезеңінде көрген жылулық пен жинаған естеліктерім әрдайым жүрегімде сақталады", – деп жазды Нани.

"Ақтөбеге" қашан келді?

Еске салайық, Луиш Нани 2026 жылдың басында "Ақтөбе" клубына қосылған. Ол қазақстандық командаға ауысу үшін кәсіби мансабын қайта жалғастыру туралы шешім қабылдады.

Бұған дейін португалиялық ойыншы 2024 жылдың соңында үлкен футболдан кеткенін ресми түрде жариялаған еді.

Луиш Нани әлемдік футболда ең алдымен "Манчестер Юнайтед" және "Спортинг" клубтарындағы өнерімен танымал. Сонымен қатар тәжірибелі жартылай қорғаушы әр жылдары Түркияның "Фенербахче", Испанияның "Валенсия", Италияның "Лацио" және АҚШ-тың "Орландо Сити" командаларында ойнаған.

Бұл туралы не ойлайсыз?