Рыбакина әлемдік рейтингтегі орнын нығайта түсті
Жуырда отандасымыз Нинбода 2025 жылы жеңіп алған титулын сәтті қорғады.
Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) Нинбодағы турнир аяқталғаннан кейін әлемдік рейтингтің жаңартылған нұсқасын жариялады.
Қазақстандық Елена Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасы мәртебесін сақтап қалды. Оның еншісінде 9501 ұпай бар.
Рыбакина Нинбода чемпиондық атағын қорғады
Қазақстандық теннисші Нинбода 2025 жылы жеңіп алған титулын сәтті қорғап, рейтингтегі бірінші орнын нығайтты.
Екінші орында Беларусь өкілі Арина Соболенко тұр. Оның еншісінде 7550 ұпай бар.
Үздік үштікті ресейлік Мирра Андреева түйіндейді – 6306 ұпай.
Ал Польша теннисшісі Ига Швентек рейтингте тоғызыншы орыннан сегізінші орынға көтерілді. Ол чехиялық Линда Носковоны бір саты төмен ығыстырды.
Нинбо турнирінің финалында Рыбакинаға есе жіберген Лейла Фернандес рейтингте айтарлықтай ілгеріледі.
Канадалық теннисші бірден жеті сатыға көтеріліп, 23-орынға жайғасты.
Юлия Путинцева бір саты төмендеді
Қазақстанның тағы бір өкілі Юлия Путинцева рейтингте бір орын жоғалтты. Ол қазір 67-орында тұр.