Даниил Медведев Almaty Open турнирінде чемпиондық титулын қорғады
Ресейлік теннисші Даниил Медведев Almaty Open ATP 250 турнирінің финалында жеңіске жетті.
Финалда бірінші сет тай-брейкке ұласып, 7:6 есебімен грузиялық теннисшінің пайдасына шешілді. Екінші партияда ресейлік ойыншы қарсыласына мүмкіндік бермей 6:1 есебімен аяқтады. Үшінші сетте Медведев басымдық танытып, 6:3 есебімен жеңіске жетті.
Матчтың қорытынды есебі – 6:7, 6:1, 6:3. Ойын 1 сағат 50 минутқа созылды.
Чемпиондық титулын қорғады
Ресейлік теннисші Almaty Open турнирінде чемпиондық атағын қорғап қалды. Осылайша ол мансабындағы 25-ші, ал 2026 жылғы маусымдағы төртінші титулына қол жеткізді.
Медведев турнирдің жартылай финалында Александр Бубликпен кездесті. Қазақстандық теннисші тізесіндегі жарақатына байланысты бірінші сеттен кейін сайыстан бас тартты.
Алматыдағы халықаралық турнир 17-25 қазан аралығында өтті. Доданың жалпы жүлде қоры 1 миллион доллардан асады.