Almaty Open турнирінің алғашқы финалисі анықталды
Грузиялық теннисші Николоз Басилашвили Almaty Open ATP 250 турнирінің финалына жолдама алды.
Жартылай финалда ол әлемнің 39-ракеткасы, грекиялық Стефанос Циципасты жеңді. Әлемдік рейтингте 128-орында тұрған Басилашвили Циципаспен 2 сағат 17 минут бойы кортта бақ сынады.
Кездесу 6:4, 6:7, 6:3 есебімен грузиялық теннисшінің пайдасына аяқталды. Осылайша, Басилашвили турнирдің шешуші кезеңіне өтті.
Финалдағы қарсыласы кім?
Басилашвили финалда Александр Бублик пен Даниил Медведев арасындағы матчтың жеңімпазымен кездеседі. Бублик ширек финалда Карен Хачановпен өткен тартысты кездесуде 4:6, 7:6, 7:6 есебімен жеңіп, жартылай финалға жолдама алған. Ал Медведев франциялық Теренс Атманмен кездесуде екі сетті сенімді жеңіске жетті – 6:4, 6:4.
Алматыдағы халықаралық турнир 17-25 қазан аралығында өтеді. Доданың жалпы жүлде қоры 1 миллион доллардан асады. Жекелей сындағы жарыстың жеңімпазы 163 570 доллар сыйақы алады. Қаржылай сыйақыдан бөлек, турнир жеңімпазы әлемдік рейтингіне 250 ұпайға қоса алады.