Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Александр Бублик Алматыдағы турнирде керемет камбэк жасады

Қазақстанның үздік теннисшілерінің бірі Александр Бублик Алматыда ATP 250 санатындағы Almaty Open-2026 турнирінде маңызды жеңіске жетті.

Александр Бублик Алматыдағы турнирде керемет камбэк жасады
instagram/@almatyopen

Жеңілістен қалай құтылды?

Бублик ширек финалда ресейлік Карен Хачановты үш сетке созылған тартысты кездесуде жеңіп, жартылай финалға жолдама алды. 

Алғашқы сетте Карен Хачанов басымдық танытып, 6:4 есебімен жеңіске жетті. Дегенмен Александр Бублик қарсыласына оңай беріле қойған жоқ. Екінші партияда қазақстандық ойын тізгінін қолға алып, тай-брейкте басым түсті – 7:6.

Шешуші үшінші сет те аса тартысты өтті. Екі теннисші де жеңіс үшін соңына дейін күресті. Нәтижесінде Бублик тағы бір тай-брейкте қарсыласынан айласын асырып, кездесуді өз пайдасына аяқтады. Матчтың қорытынды есебі – 4:6, 7:6, 7:6.

Жеке кездесулердегі нәтиже

Бұл матчқа дейін Александр Бублик пен Карен Хачанов өзара төрт рет кездескен. Жеке текетірестегі есеп тең болған – 2:2.

Ресейлік теннисші 2020 жылы Цинциннатидегі "Мастерс" турнирінде және 2025 жылы Швейцариядағы жарыста басым түскен. Ал Бублик 2025 жылы Галле мен Санкт-Петербургтегі турнирлерде Хачановты жеңген еді.

Алматыдағы ширек финалдан кейін қазақстандық спортшы өзара кездесулердегі жеңіс санын үшке жеткізіп, 3:2 есебімен алға шықты.

Almaty Open-2026 турнирінің финалына шығу үшін Александр Бублик тағы бір ресейлік Даниил Медведевпен кездеседі.

Бұл туралы не ойлайсыз?