Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

"Кейннің футболда үш-ақ күні қалды": Ямалдың ағасы "Алтын доп" нәтижесін сынады

Ламин Ямал дауыс беру қорытындысы бойынша үшінші орын алған болатын.

"Кейннің футболда үш-ақ күні қалды": Ямалдың ағасы "Алтын доп" нәтижесін сынады
sports.ru

"Барселона" мен Испания құрамасының футболшысы Ламин Ямалдың ағасы Абдул 2026 жылғы "Алтын доп" марапатының қорытындысына қатысты пікір білдірді.

France Football нұсқасы бойынша жылдың үздік футболшысы атағын "Бавария" мен Англия құрамасының шабуылшысы Харри Кейн иеленді. Ал Ламин Ямал дауыс беру қорытындысында үшінші орын алған болатын.

"Футболды жақсы көрсең, Ламинді көруге барасың"

Абдулдың пікірінше, Ямал маусым бойы жоғары деңгейде өнер көрсеткен және басты жүлдеге лайық болған.

"Менің інім керемет ойнады, ол әлемдегі ең үздік футболшы болды. Мұны бәрі біледі. Егер сіз футболды жақсы көрсеңіз, Харри Кейнді емес, Ламинді көруге барасыз", – деді ол.

Ямальдың туысы Харри Кейннің жасы мен мансабының соңғы кезеңіне жақындағанын да атап өтті.

"Ламин әлі өте жас, небәрі 19 жаста. Ол бұл жүлдені әлі де жеңеді. Ол бес "Алтын доп" жеңіп алады. Ал Харридің футболда үш-ақ күні қалды. Сондықтан "Алтын допты" оған берді", – деді Абдул.

Марапаттың туысына берілмеуіне наразы болған Абдул Ламин Ямалдың маусымдағы жетістіктеріне де тоқталды.

"Ламин әлем чемпионатын, Ла Лиганы және Суперкубокты жеңді. Ол өте жақсы ойнайды. Маусымы керемет өтті. Басқалар соға алмайтын голдарды соғады. Нәтижелі пастары – бәрі бар", – деді ол.

Бұл туралы не ойлайсыз?