Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

«Қандай күлкілі»: Назым Қызайбай әлем чемпиондарын қалай «жазалағанын» еске алды (ВИДЕО)

Сарапшы, спорт журналисі

Бокстан үш дүркін әлем чемпионы Назым Қызайбай әлеуметтік желіде бұрынғы әзіл-ролигін қайта еске түсіріп, жанкүйерлерді бір күлдірді. 

«Қандай күлкілі»: Назым Қызайбай әлем чемпиондарын қалай «жазалағанын» еске алды (ВИДЕО)
Instagram/@nazym_kyzaibay09

Бокс жұлдызы командаластарын «шертіп жіберген» сәтті жариялады

Назым Қызайбай өзінің бір жыл бұрын түсірген видеосын қайта жариялап, жанкүйерлер назарын аудартты. Роликте атақты боксшы бәс тіккен командаластарын жеңіп, әрқайсысына классикалық «щелбан» беріп жатыр.

Қыздар күлкі аралас ауырсынған дауыспен:

«Ой, қатты екен! Жедел жәрдем шақырыңдар», – деп қалжыңдайды.

Екі дүркін әлем чемпионы да «сыйлықтан» қашып құтылмады

Бір сәтте камера ракурсы өзгеріп, кадрға екі дүркін әлем чемпионы Аида Әбікеева түседі. Ол да Қызайбайдың «жазалауынан» қалыс қалмай, дәл маңдайына саусақпен тиген соққыны алады.

Видео дыбысынан-ақ Назымның саусақтарының нағыз боксшыға тән қуатқа ие екені байқалады.

Назым Қызайбай жариялаған видеосына қысқа ғана:

«Қандай күлкілі», – деп жазба қалдырған.

Бұл қысқа реплика роликтің көңілді атмосферасын дәл берді.

Бұл туралы не ойлайсыз?

👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір