Қуат Хамитов қазақтың танымал ММА файтерін "әшкереледі" (ВИДЕО)

Сарапшы, спорт журналисі

ММА жауынгері Қуат Хамитов әлеуметтік желіде әзілге толы жазба жариялап, ONE Championship-тің бұрынғы чемпионы Қайрат Ахметовтің бір "ерекшелігін" күлкілі форматта айтып берді.

Қуат Хамитов қазақтың танымал ММА файтерін "әшкереледі" (ВИДЕО)
Qaz365.kz

Хамитовтың видеодағы әзілі: "Қайрат — әмбебап файтер" 

Хамитов Ахметовпен түсірген қысқа видеоны бөлісіп, алдымен алдыңғы жазбасы жоғалып қайта түсіріп жатқанын жеткізеді. Одан кейін Қайраттың жекпе-жекке бір ай қалғанда "дайындық режимі" өзгеше болатынын әзілмен сипаттайды.

Хамитовтың айтуынша, жекпе-жекке тура бір ай қалғанда Қайрат жұма күні жұма намазына, сенбіде Буддаға, жексенбіде шіркеуге барып үлгереді.

Осыны әзілмен түйіндеген Хамитов: "Қайрат — әлемдегі жалғыз әмбебап боец" деп қалжыңдайды. Сондай-ақ жеңістен кейін "үйге барып, толық босаңсып кететінін" де күлкімен жеткізеді.

Қуат Хамитовтың соңғы жекпе-жегі

Қуат Хамитов 16 ақпанда Батумиде GFC 36 x GBC 4 турнирінде октагонға шығып, бразилиялық Алан Сильваны төрешілердің бір ауыздан шығарған шешімімен жеңді.

Қайрат Ахметовтің ACA-дағы дебюті

Қайрат Ахметов биыл қаңтар айының басында Ресейдің ACA промоушенінде алғаш рет өнер көрсетті. Грозныйда өткен ACA 198 турнирінде жергілікті файтер Мансур Хатуевты төрешілердің екіге бөлінген шешімімен ұтты.