Танымал ауыр атлет Илья Ильиннің қызы футболды таңдады

Сарапшы, спорт журналисі

Қазақстанның әйгілі ауыр атлеті Илья Ильиннің үлкен қызы Милана Ильина кәсіби спорт жолын футболмен байланыстырды.

Танымал ауыр атлет Илья Ильиннің қызы футболды таңдады
olympic.kz

Милана Ильина кім және қай клубта ойнайды?

16 жастағы Милана – кәсіби футболшы. Ол Астананың “Жеңіс” клубының әйелдер жастар командасында негізінен шабуылшы позициясында өнер көрсетеді. Ал негізгі құрамда көбіне жартылай қорғаушы шебінде алаңға шығады.

2025 жылдың қазан айында 15 жасында ұлттық біріншілікте Қызылорданың “Қайсарына” қарсы матчта гол соғып, көзге түскен.

Анасы да спорттан алыс емес

Милананың анасы — Наталья Кулакова. Ол кезінде кәсіби гандболшы ретінде Қазақстан құрамасында ойнаған. Илья Ильин мен Наталья Кулакова 2017 жылы ресми түрде ажырасқан.

Кейін 2023 жылдың басында Ильин екінші рет шаңырақ көтерсе, 2024 жылы оның отбасында Айша есімді қызы дүниеге келген.

Илья Ильин — ауыр атлетикадан Қазақстанның ең танымал спортшыларының бірі. Ол төрт дүркін әлем чемпионы және жазғы Азия ойындарының екі дүркін чемпионы.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір