Баходир Джалолов Ислам Махачевпен "күресіп" көрді (ВИДЕО)
Өзбекстандық Олимпиада чемпионы Баходир Джалолов UFC жұлдызы Ислам Махачевпен достық форматта күш сынасты.
Желіде тараған видеода Джалолов пен Махачев бір-бірімен ұстасып, күрес элементтерін байқап көреді. Бірақ бұл толыққанды айқас емес, тек әзіл-шыны аралас жаттығу сәті болған. Кадр сыртындағы дауыс екеуінің дене бітіміндегі айырмашылыққа назар аударған. Расында да, ауыр салмақта өнер көрсететін өзбек боксшысы мен ресейлік UFC чемпионының габариті арасында айқын айырма бар.
Соған қарамастан бұл шағын "текетіресте" жеңімпаз анықталған жоқ. Екі спортшы да бәрін достық көңіл-күйде аяқтады.
Айта кетейік, Баходир Джалолов соңғы рет 9 мамырда Манчестерде хорватиялық Агрон Смакичиді жетінші раундта нокаутпен жеңген.
Ал Ислам Махачев UFC-де жартылай орта салмақтағы белбеуді иеленгеннен кейін октагонға тамыз айында қайта оралуды жоспарлап отыр. Алдын ала мәлімет бойынша UFC 330 турнирінде өнер көрсетуі мүмкін. Дегенмен Махачевтің қарсыласы әзірге ресми түрде жарияланған жоқ.