"Базар Джексон". Нұрлан Сабуровтың бокс жаттығуы желіде қызу талқыға түсті (ВИДЕО)

Футбол шолушысы

Танымал стендап-комик жуырда Жалғас Жұмағұловтың бапкерімен жаттығу өткізген болатын. 

"Базар Джексон". Нұрлан Сабуровтың бокс жаттығуы желіде қызу талқыға түсті (ВИДЕО)
NUR.KZ

Қазақстандық танымал стендап-комик Нұрлан Сабуров Астанада бокс жаттығуын өткізіп, жанкүйерлердің назарын аударды. Ол Қазақстандағы белгілі бапкерлердің бірі Ернұр Жанабаймен бірге дайындалды.

Жаттығу видеосы әлеуметтік желіде тарағаннан кейін қолданушылар Сабуровтың физикалық бабына баға беріп, әзіл-шыны аралас пікір қалдырды.

"Базар Джексон"

"Видеоны жылдамдатып қойған ба?!"

"Что было дальше?)"

"Ол оралды!" — деп жазды желі қолданушылары. 

Ернұр Жанабай кім?

Ернұр Жанабай — Қазақстан Республикасының спорт шебері, бокс бапкері. Ол бұған дейін UFC-де өнер көрсеткен қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұловты бокс ережесі бойынша өткен жекпе-жекке дайындаған.