Иван Дычко оралды. Англияда айқас өткізеді
Қарсыласы кәсіпқой бокста бірде-бір рет жеңіліп көрмеген.
Суперауыр салмақтағы қазақстандық боксшы Иван Дычко рингке қашан оралатыны белгілі болды. Отандасымыз 6 маусым күні Англияның Борнмут қаласында өтетін Zuffa Boxing 7 турнирінде өнер көрсетеді.
Дычконың қарсыласы кім?
Иван Дычко бұл жолы жергілікті боксшы Харви Дайкспен кездеседі. Британдық спортшының кәсіпқой рингтегі көрсеткіші — 7 жеңіс, 0 жеңіліс және 1 тең нәтиже. Айқас он раундқа жоспарланған.
Иван Дычко соңғы жекпе-жегін өткен жылдың 13 қыркүйегінде Лас-Вегаста өткізді. Ол Сауль Альварес пен Теренс Кроуфорд арасындағы бокс кешінің андеркардында америкалық Джермейн Франклин-кішісімен жұдырықтасты.
Бұл кездесуде Дычко төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңіліп қалды. Осылайша қазақстандық боксшы кәсіпқой мансабындағы алғашқы жеңілісіне ұшыраған еді.
Қазіргі таңда Дычконың рекорды — 15 жеңіс және 1 жеңіліс. Оның 14 жеңісі нокаутпен аяқталған.
Дайкс соңғы жекпе-жегінде жеңіске жетті
Харви Дайкс соңғы рет 21 қараша күні Англияның Брайтон қаласында рингке шықты. Ол Беларусь өкілі Виктор Чварковты ұпай санымен жеңді.
Пікірлер
Пікір жазу үшін кіріңіз.
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.