Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Эрлинг Холандтың "Барселонаға" трансферіне қатысты үш фактор аталды

"Барселона" клубы "Манчестер Сити" шабуылшысы Эрлинг Холандты әлі де өз қатарына қосуды көздейді. 

Эрлинг Холандтың "Барселонаға" трансферіне қатысты үш фактор аталды
sportrbc.ru

Норвегиялық форвард Каталония клубының президенті Жоан Лапортаның басты трансферлік мақсаттарының бірі. Холандтың өзі де Испанияда ойнағысы келеді. 

Осы ретте El Chiringuito журналисі Хосе Альварес норвегиялық футболшының "Барселонаға" ауысуына әсер етуі мүмкін үш себепті атады.

Біріншісі – футболшының Испанияда тұрып, Ла Лигада өнер көрсетуге деген ықыласы.

Екінші фактор – Холандтың өкілдері мен Жоан Лапорта арасындағы жақсы қарым-қатынас. Дереккөз мәліметінше, норвегиялық шабуылшының айналасындағы адамдар "Барселона" президентінің нақты қызығушылығы болған жағдайда ұсыныстан бас тарту оңай болмайтынын аңғартқан.

Үшінші фактор – ағылшын клубының болашағына қатысты белгісіздік. "Манчестер Сити" қаржылық айыптауларға байланысты тергеу мен заңдық процестердің назарында қалып отыр. Бұл жағдай клубтағы ықтимал өзгерістер туралы түрлі болжамдарға себеп болуда.

Негізгі кедергі – трансфер құны

"Барселона" үшін ең үлкен мәселе қаржылық шарттар болып отыр.

Холандтың "Манчестер Ситимен" келісімшарты 2034 жылдың маусымына дейін есептелген. Оның нарықтық құны шамамен 220 миллион еуроға бағаланады.
Бұған қоса, ықтимал сатып алушы ойыншының жалақысы мен бонустарын да ескеруі керек.

Қазіргі уақытта "Барселона" мен "Манчестер Сити" арасында Холанд трансферіне қатысты ресми келіссөздер жүргізіліп жатқан жоқ.

Айта кетейік, норвегиялық шабуылшы биылғы маусымда барлық турнирде 16 матч өткізіп, 14 гол соқты.

Бұл туралы не ойлайсыз?