Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Қазақстандық боксшы әлем чемпионынан мерзімінен бұрын жеңілді

Шұғыла Нәлібай Ташкентте World Boxing әлем кубогының финалдық кезеңінде қазіргі әлем чемпионы, ресейлік Елена Гапешинаға есе жіберді.

Қазақстандық боксшы әлем чемпионынан мерзімінен бұрын жеңілді
instagram.com/boxingkazakhstan/

Екінші раундта аяқталған жекпе-жек

75 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өткен ширек финалдық кездесу мерзімінен бұрын аяқталды. Екінші раундта ресейлік боксшы айқын басымдық танытып, жеңіске жетті.

Сөйтіп Елена Гапешина жартылай финалға жолдама алып, кемінде қола медаль иеленуін қамтамасыз етті. Ал Шұғыла Нәлібай жарысты жүлдесіз аяқтады.

Қазақстан құрамасы екінші боксшысынан айырылды

Нәлібайдың сәтсіздігі жарыстың алғашқы күнінде Қазақстан құрамасының екінші жеңілісі болды. Бұған дейін 50 келі салмақта сынға түскен Даниял Сәбит ширек финалда өзбекстандық Шодиёржон Меликузиевке төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жол берген еді.

Айта кетейік, World Boxing әлем кубогының қорытынды кезеңі Өзбекстан астанасында 28 қараша мен 3 желтоқсан аралығында өтеді. Қазақстан намысын аталған додада 11 боксшы – алты ер және бес әйел былғары қолғап шебері қорғап жатыр.

Бұл туралы не ойлайсыз?