Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Өзбекстан бокстан әлем кубогында алғашқы жеңілісіне ұшырады

Өзбекстан құрамасы Ташкентте World Boxing-2026 әлем кубогының финалдық кезеңінде алғаш рет жеңілістің ащы дәмін татты.

Өзбекстан бокстан әлем кубогында алғашқы жеңілісіне ұшырады
sportilinet.kz/

Жүлдесіз қалды

65 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің ширек финалында өзбекстандық Абдурахмон Махмуджонов таиландтық Бунджонг Синсиримен қолғап түйістірді.

Таиландтық боксшы кездесудің алғашқы екі раундында айқын басымдық танытып, екеуінде де 5:0 есебімен жеңіске жетті. Жекпе-жек қорытындысында төрешілер бірауыздан Синсиридің жеңісін мойындады.

Осылайша Махмуджонов өз елінде өтіп жатқан әлем кубогын жүлдесіз аяқтаса, оның қарсыласы жартылай финалға жолдама алды.

Қазақстан мен Өзбекстан жартылай финалда кездеседі

Бұл Өзбекстан құрамасының Ташкенттегі турнирде тіркелген алғашқы жеңілісі болды. Бұған дейін жарыс қожайындары ширек финалда қатарынан төрт жеңіске жеткен.

Жартылай финалға Шодиёржон Меликузиев (50 кг), Феруза Казакова (51 кг), Хуморабону Мамажонова (57 кг) және Норбек Абдуллаев (85 кг) жолдама алды.

Айта кетейік, 85 келі салмақта Норбек Абдуллаев финалға шығу үшін қазақстандық боксшы Сұлтанбек Айбарұлымен жұдырықтасады.

Бұл туралы не ойлайсыз?