Қазақстан мен Өзбекстан боксшыларының айқасы 0:5 есебімен аяқталды
Қазақстандық боксшы Даниял Сәбит Ташкентте World Boxing әлем кубогының финалдық кезеңінде өзбекстандық Шодиёржон Меликузиевке 0:5 есебімен есе жіберді.
Жекпе-жек 50 келіге дейінгі салмақтың ширек финалында өтті.
Жарыстың алғашқы күні рингке шыққан Сәбит төрешілердің бірауызды шешімімен жеңіліп, турнирдегі өнерін аяқтады. Меликузиев жартылай финалға жолдама алып, кемінде қола жүлдені қамтамасыз етті.
World Boxing әлем кубогының үшінші әрі қорытынды кезеңі бүгін басталып, 3 желтоқсанға дейін жалғасады. Турнирде Қазақстан атынан ерлер және әйелдер құрамалары өнер көрсетеді. Жарысқа 30 ұлттық федерациядан барлығы 132 боксшы қатысады.
Бұл туралы не ойлайсыз?