Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Қазақстандық боксшы Олимпиада жүлдегерін жеңді

Карина Ибрагимова Ташкенттегі World Boxing әлем кубогының финалдық кезеңін жеңіспен бастап, жартылай финалға жолдама алды.

Қазақстандық боксшы Олимпиада жүлдегерін жеңді
olympic.kz

Олимпиада жүлдегерін айқын басымдықпен жеңді

57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Ибрагимова ширек финалда тайваньдық У Ши Имен жұдырықтасты. Қазақстандық боксшы төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен 5:0 есебінде жеңіске жетті.

Осылайша Карина Ибрагимова жарыстың жартылай финалына шығып, кемінде қола медаль иеленуіне кепілдік берді.

Қазақстанның алғашқы жеңісі

Карина Ибрагимова – әлем чемпионаттары мен 2022 жылғы Азия ойындарының жүлдегері, сонымен бірге 2024 жылғы Азия чемпионы. Ал оның қарсыласы Париж Олимпиадасы мен 2022 жылғы Азия ойындарында қола медаль жеңіп алған.

Айта кетейік, Ибрагимова Ташкенттегі әлем кубогының финалдық кезеңінде Қазақстан құрамасының алғашқы жеңісін тіркеді. Бұған дейін ерлер арасында 50 келі салмақта өнер көрсеткен Даниял Сәбит ширек финалда қарсыласына есе жіберген болатын.

Бұл туралы не ойлайсыз?