Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

ФИДЕ әлем чемпионаты алдында Бибісара Асаубаеваға қатысты маңызды шешім қабылдады

Ыстамбұлдағы әлем чемпионатында рапид жарыстары 26–28 желтоқсан, ал блиц бәсекесі 29–30 желтоқсан аралығында өтеді.

ФИДЕ әлем чемпионаты алдында Бибісара Асаубаеваға қатысты маңызды шешім қабылдады
sport-hub.kz

Халықаралық шахмат федерациясы (ФИДЕ) 2026 жылғы рапид және блиц бойынша әлем чемпионатының регламентін жариялап, турнирге тіркеуді ашты.

Жарыс 25–31 желтоқсан аралығында Ыстамбұлда өтеді. Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы, блицтен үш дүркін әлем чемпионы Бибісара Асаубаева турнирдің жеңілдік берілетін қатысушылары қатарына енді.

Бекітілген ережеге сәйкес, қазіргі әлем чемпионы әрі рейтингі 2500 ұпайдан жоғары шахматшы ретінде Асаубаеваның турнир кезіндегі ұшу және тұру шығындары толық өтеледі.

Асаубаева әлем чемпионатын өткізіп алуы мүмкін еді

Бұған дейін Бибісара Асаубаева тығыз жарыс кестесіне байланысты әлем чемпионатына қатыспауы мүмкін екенін айтқан. Алайда турнирдің Ыстамбұлда өтетіні белгілі болғаннан кейін оның жоспары өзгерген. 

ФИДЕ мәліметінше, турнирге тіркелу желтоқсан айының ортасына дейін ашық болады.

Жеңілдікпен өтінім қабылдау мерзімі 15 желтоқсанда аяқталады. Осыдан кейін ұйым әлем чемпионатына қатысатын шахматшылардың толық тізімін жариялайды.

Жүлде қоры бір миллион еуродан асады

Ыстамбұлдағы әлем чемпионатында рапид жарыстары 26–28 желтоқсан, ал блиц бәсекесі 29–30 желтоқсан аралығында өтеді.

Турнирдің жалпы жүлде қоры бір миллион еуродан асады.

Асаубаева чемпиондық атағын қорғайды

Бибісара Асаубаева Ыстамбұлға блицтен қазіргі әлем чемпионы мәртебесінде барады.

Ол 2025 жылдың соңында Дохада өткен әлем чемпионатында украиналық Анна Музычукты финалда жеңіп, блицтен мансабындағы үшінші әлем чемпионы атағын иеленді.

Бұл туралы не ойлайсыз?