Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Қазақстан Өзбекстанды жеңіп, гандболдан Азия чемпионатында топ бастады

Қазақстан әйелдер құрамасы Алматыда гандболдан Азия чемпионатының үшінші турында Өзбекстанды 32:29 есебімен жеңді.

Қазақстан Өзбекстанды жеңіп, гандболдан Азия чемпионатында топ бастады
instagram.com/kaz_handball_association/

Өзбекстанмен кездесуде екі құраманың арасын үш гол ғана бөліп тұрды. Бұл – Қазақстанның чемпионаттағы алғашқы үш матчындағы ең аз айырма. Бұған дейін алаң иелері Австралияны 37:18, Үндістанды 33:27 есебімен жеңген.

Қазақстан құрамасы үш ойында қарсылас қақпасына 102 гол соғып, өз қақпасына 74 гол жіберді. B тобында екінші орында келе жатқан Оңтүстік Корея екі матчтан төрт ұпай жинады.

Қазақстан құрамасы топтық кезеңдегі соңғы матчын 28 қарашада Оңтүстік Кореяға қарсы өткізеді. Алматыдағы кездесу 17:00-де басталады.

Бұл туралы не ойлайсыз?