Конференция лигасындағы тарихи жеңістен кейін "Қайрат" қай орында?
Соның арқасында алматылық клубтың плей-оффқа шығуға мүмкіндігі пайда болды.
Алматылық "Қайрат" Конференциялар лигасы жалпы кезеңінің төртінші турынан кейін турнир кестесінде 23-орынға көтерілді.
Жора Арутюнян шәкірттері өткен турда өз алаңында Швецияның "Мьельбю" клубын 1:0 есебімен жеңіп, еурокубоктың жалпы кезеңіндегі алғашқы тарихи жеңісіне қол жеткізген болатын.
"Қайраттың" еншісінде бес ұпай бар
Төрт тур қорытындысы бойынша "Қайрат" 5 ұпай жинады.
Қазіргі таңда алматылық команда Конференциялар лигасының жалпы кестесінде 23-сатыда тұр. Бұған дейін команда 27-орында еді.
Бұл орын плей-офф кезеңі матчтарына шығуға мүмкіндік береді. Турнир регламенті бойынша 17-орыннан 24-орынға дейінгі командалар келесі кезеңге жолдама үшін қосымша матч өткізеді.
Алда тағы екі маңызды матч бар
"Қайрат" Конференциялар лигасындағы келесі кездесуін 10 желтоқсанда өткізеді. Алматылықтар өз алаңында Румынияның "Университатя Крайова" клубын қабылдайды.
Ал 17 желтоқсанда "Қайрат" сырт алаңда Нидерландтың "Твенте" командасымен кездеседі.