Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

"Болды, жетеді". Абылайхан Жүсіпов мансабын аяқтау туралы шешімін айтты

Бокстан әлем чемпионы Абылайхан Жүсіпов Лос-Анджелес Олимпиадасына дейінгі кезеңді мансабындағы соңғы олимпиадалық цикл деп атады.

"Болды, жетеді". Абылайхан Жүсіпов мансабын аяқтау туралы шешімін айтты
vesti.kz

Лос-Анджелес Олимпиадасы туралы не айтты?

Жүсіпов ересектер құрамасына 19 жасында қосылғанын еске алды. Боксшы алдағы бір-екі жылда үлкен спортпен қоштасатын кез келетінін айтты.

"Қазір Қазақстан құрамасының сапындамын. Бұл менің соңғы олимпиадалық циклім екенін бұрын да айтқанмын. Ересектер құрамасына енді қосылып, Олимпиадаға қатысқан 19 жастағы жігіт болғаным кеше ғана сияқты. Енді бір-екі жылдан кейін үлкен спортпен қоштасатын кез келеді деп ойлаймын.

Боксқа жеті жасымда келдім, қазір 29-дамын. Осы 22 жылда бар күш-жігерімді үлкен спортқа жұмсадым, денсаулығымды да, уақытымды да аямадым. Бір сәтте "болды, жетеді" деп шештім. Бұл менің соңғы олимпиадалық циклім. Жолдама алып, 2028 жылғы Олимпиадаға қатыса алсам, мансабымның соңы сәтті болар еді. Ал оған мүмкіндік болмаса, Олимпиадаға дейін жігіттерге үлгі болып, қолымнан келгенше көмектесемін. Содан кейін мансабымды аяқтауға дайынмын", – деді Жүсіпов.

Жүсіповтің басты жетістіктері

Жүсіпов 2025 жылы әлем чемпионы, ал 2024 жылы Азия чемпионы атанды. Бұған дейін ол әлем чемпионаттарында үш рет қола (2017, 2019, 2021), Азия чемпионаттарында екі рет күміс (2017, 2021) медаль жеңіп алды.

Қазақстандық боксшы 2026 жылы World Boxing әлем кубогының бір кезеңінде топ жарды. Ол 2016, 2018 және 2020 жылдары Қазақстан чемпионы атанып, Рио-де-Жанейро (2016) мен Токио (2020) Олимпиадаларында ел намысын қорғады.

Бұл туралы не ойлайсыз?