Жәнібек Әлімханұлы BoxRec әлемдік рейтингінен шығарылды
Орта салмақтағы әлемдік тізімнің бірінші орнына кубалық Эрисланди Лара көтерілді.
BoxRec Әлімханұлын рейтингтен неге шығарды?
BoxRec қазақстандық боксшының профиліне "белсенді емес" мәртебесін берді. Портал ережесіне сай, 12 айдан астам уақыт жекпе-жек өткізбеген боксшылар рейтингтен автоматты түрде шығарылады.
Бұған дейін Әлімханұлы орта салмақтағы әлемдік рейтингте және салмақ дәрежесіне қарамастан жасалатын Қазақстанның P4P рейтингінде көш бастаған. Сонымен қатар әлемдік P4P рейтингінің үздік жиырмалығына кірген.
Әлімханұлы IBF және WBO белбеулерінен қалай айырылды?
Жәнібек соңғы жекпе-жегін 2025 жылғы 5 сәуірде Астанада өткізіп, франциялық Анауэль Нгамиссенгені бесінші раундта нокаутқа түсірді. Сол жылдың желтоқсанында Эрисланди Ларамен өтуі тиіс титулдарды біріктіру жекпе-жегінің алдында тапсырған сынамасынан мельдоний анықталды. Кездесу өтпей қалды, ал Әлімханұлы жарыстардан шеттетілді.
Шеттету салдарынан боксшы IBF белбеуін 2026 жылғы 4 шілдеге дейін міндетті түрде қорғап үлгермеді. IBF титулды бос деп жариялап, Әлімханұлын өз рейтингінен шығарды. WBO әуелде чемпиондық белбеуді Жәнібекте қалдырып, шілдеде оның шеттетілуін мерзімінен бұрын тоқтатты. Кейін боксшы орта салмақтағы WBO титулынан өз еркімен бас тартып, екінші орта салмаққа ауысатынын мәлімдеді.
Рингке қашан оралады?
Әлімханұлының келесі жекпе-жегі 2027 жылғы 23 қаңтарға жоспарланған. Ол екінші орта салмақтағы бос әлем чемпионы титулы үшін кәсіпқой рингте жеңіліп көрмеген даниялық Якоб Банкпен (17–0, 9 КО) кездеседі.