Жәнібек Әлімханұлының қарсыласы титулдық айқасқа дайындықты бастады
Даниялық кәсіпқой боксшы Якоб Банк чемпиондық жекпе-жекке дайындықты бастады.
Жаттығу жүктемесін күшейтті
Fighting.dk мәліметінше, Банк оқу-жаттығу жиынында жоғары қарқынмен жұмыс істеп жатыр. Боксшының командасы дайындық барысын былай сипаттады.
"Оңай жол іздемейміз. Ақталуға орын жоқ. Тек табанды еңбек".
Жекпе-жек Данияның Хорсенс қаласындағы Forum Horsens аренасында Primetime Fight Night 11 – The Takeover бокс кеші аясында өтеді деп жоспарланған.
Әлімханұлының кәсіпқой бокстағы көрсеткіші
Әлімханұлы кәсіпқой рингте 17 жеңіске жетіп, 12 жекпе-жегін нокаутпен аяқтаған. Ол орта салмақта WBO және IBF белбеулерін иеленді. 2026 жылдың жазында чемпиондық белбеуден өз еркімен бас тартып, екінші орта салмаққа ауысты.
Әуесқой бокста Жәнібек 75 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетті. Ол 2013 жылы әлем чемпионы атанды, 2014 жылы Азия ойындарында алтын алды. 2016 жылы Рио-де-Жанейро Олимпиадасында Қазақстан атынан бақ сынады.
Ал 25 жастағы даниялық боксшы WBO рейтингінде үшінші орында тұр және WBO Global белбеуіне ие. Банк 2026 жылы үш жекпе-жек өткізді. Ол Скуллмен кездесуден кейін Намибия өкілі Паулинюс Нджолонимуді нокаутқа түсірді. 25 шілдеде Жиддада Энтони Джошуаның жекпе-жегі алдындағы карда Павел Августнякты төрешілер шешімімен жеңді.