Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

"Қайрат" еурокубоктардың негізгі кезеңінде алғаш рет жеңді

Алматылық "Қайрат" УЕФА Конференциялар лигасының жалпы кезеңінде швециялық "Мьельбюді" 1:0 есебімен жеңді.

"Қайрат" еурокубоктардың негізгі кезеңінде алғаш рет жеңді
instagram.com/f.c.kairat/

Кездесуді алаң иелері белсенді бастап, 14-минутта алға шықты. "Қайрат" сапында соңғы матчын өткізген Еркін Тапалов айып алаңынан қақпаның жақын бұрышын дәл көздеді.

Голдан кейін Жора Артутюнянның шәкірттері қорғанысқа көбірек көңіл бөлді. "Мьельбю" бірнеше қауіпті мүмкіндік туғызғанымен, Темірлан Анарбеков қақпасына гол жібермеді. Екінші таймда екі команда да шабуылға шықты. Ойва Юкколаның соққысы маңдайшаға тисе, Анарбеков тағы бір қауіпті сәтте алматылықтарды құтқарды.

Енді алматылық клуб 10 желтоқсанда өз алаңында Румынияның Крайова қаласынан келетін "Университатяны" қабылдайды.

Еске салайық, "Қайрат" алғашқы турда сырт алаңда латвиялық "Ригамен" 1:1 есебімен тең ойнады. Екінші турда өз алаңында грекиялық "Панатинаикосқа" 1:5 есебімен есе жіберді. Үшінші турда сырт алаңда италиялық "Аталантамен" 1:1 есебімен тең түсті.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Клуб беті: Қайрат 2-орын