Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Андрей Шевченконың ұлы англиялық клубпен келісімшартқа қол қойды

Украиналық әйгілі футболшы Андрей Шевченконың ұлы Кристиан Шевченко Англияның "Бейзингсток Таун" клубына қосылды.

Андрей Шевченконың ұлы англиялық клубпен келісімшартқа қол қойды
instagram.com/kristianms7/

20 жастағы футболшы бұған дейін "Челси" және "Уотфордтың" жастар командаларында ойнаған.

"Бейзингсток Таунмен" келісімшартқа қол қойғаныма өте қуаныштымын. Бұл мен үшін тамаша мүмкіндік. Клубтың бір бөлігі болып, бірге қолға алған іске өз үлесімді қосатыныма қуаныштымын. Аянбай еңбек етіп, клуб үшін барымды салғым келеді. Ең бастысы, команданың өз мақсаттарына жетуіне көмектескім келеді. Көп гол соғамын деп үміттенемін", – деді Шевченко.

"Бейзингсток Таун" Англия футболының жетінші дивизионында өнер көрсетеді. Команда 19 матчта 23 ұпай жинап, турнир кестесінде 12-орында тұр.

Кристиан Шевченко "Челси" мен "Уотфордтың" жастар командаларынан бөлек, Англияның "Шолинг" клубында да ойнаған.

Бұл туралы не ойлайсыз?