Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Қазақстандық боксшы WBC титулы үшін жекпе-жек өткізеді

Жекпе-жек жартылай орта салмақта өтеді. Кездесуде — WBC Asian Silver чемпиондық белбеуі сарапқа салынады.

Қазақстандық боксшы WBC титулы үшін жекпе-жек өткізеді
sportarena.kz

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Теміржан Баймолда келесі жекпе-жегінің өтетін күні мен қарсыласын білді.

"Джентльмен" лақап атымен танымал спортшы 3 желтоқсанда Бангкокта рингке шығып, Таиланд өкілі Сакда Лангкабаммен кездеседі.

Жекпе-жек жартылай орта салмақта өтеді. Кездесуде — WBC Asian Silver чемпиондық белбеуі сарапқа салынады.

Теміржан Баймолданың кәсіпқой бокстағы көрсеткіші — 10 жеңіс, 1 жеңіліс, 6 нокаут. Ал оның қарсыласы Сакда Лангкабам 13 жеңіс, 9 жеңіліс, 8 нокаут көрсеткішіне ие.

Баймолда бір жылдан астам үзілістен кейін оралады

Қазақстандық боксшы үшін бұл жекпе-жек өткен жылдың қыркүйегінен бергі алғашқы кездесу болмақ. Соңғы рет ол Уфада ресейлік Данис Габдрафиковпен кездесіп, екінші раундта техникалық нокаутпен жеңілген еді. Бұл Баймолданың кәсіпқой мансабындағы алғашқы жеңілісі болды.

Сакда Лангкабам соңғы жекпе-жегін 25 қазанда Бангкокта өткізді.

Таиландтық боксшы отандасы Варитпон Срихабандитті мерзімінен бұрын жеңген. Енді ол 3 желтоқсанда Теміржан Баймолдамен WBC Asian Silver белбеуі үшін жұдырықтасады.

Бұл туралы не ойлайсыз?