Қазақстандық боксшы бүгін халықаралық титул үшін айқасады
Жекпе-жек бүгін илиппин астанасы Манилада өтеді.
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Александр Ковригин Манилада өтетін чемпиондық жекпе-жек алдында ресми салмақ өлшеу рәсімінен сәтті өтті.
Ковригиннің қарсыласы – Танзания өкілі Рамадан Масуд Идд. Екі боксшы да белгіленген салмақ лимитін орындады.
WBF International белбеуі сарапқа салынады
Жекпе-жек 28 қарашада Филиппин астанасы Манилада өтеді.
Кездесуде жеңіл салмақтағы WBF International чемпионының титулы сарапқа салынады.
Александр Ковригиннің кәсіпқой бокстағы көрсеткіші – 9 жеңіс, 2 жеңіліс және 7 нокаут. Оның қарсыласы Рамадан Масуд Идд те тоғыз жекпе-жекте жеңіске жетіп, екі рет жеңілген. Танзаниялық боксшының еншісінде 2 нокаут бар.
Ковригин бір жылға жуық үзілістен кейін оралады
Қазақстандық боксшы үшін бұл 2025 жылдың желтоқсанынан бергі алғашқы жекпе-жек болмақ.
Соңғы кездесуін Ковригин Алматыда грузиялық Давид Нацвилишвилиге қарсы өткізіп, қарсыласын мерзімінен бұрын жеңген. Сол нәтиже қазақстандық боксшының қатарынан екі жеңілістен тұратын сериясын тоқтатты.
Қарсыласы шілдеде нокаутпен жеңілді
Рамадан Масуд Идд соңғы рет 25 шілдеде Найробиде рингке шықты.
Танзаниялық боксшы Кения өкілі Джаван Буйюмен кездесіп, нокаутпен жеңіліп қалған.
Енді Ковригин мен Идд Манилада WBF International белбеуін сарапқа салады.