Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Шавкат Рахмонов әлемнің үш дүркін чемпионымен спарринг өткізді

UFC-де 19 жекпе-жектің бәрін жеңіспен аяқтаған Шавкат Рахмонов қоян-қолтық ұрыстан әлемнің үш дүркін чемпионы Қазбек Сағынмен жаттығу өткізді.

Шавкат Рахмонов әлемнің үш дүркін чемпионымен спарринг өткізді
instagram.com/shavkatrakhmonov94/

Сағынды Рахмоновтың джебтері әбігерге салды

Видеода Рахмонов алдамшы қимылдар жасап, бойы мен қолының ұзындығын пайдаланып, Сағынды джебпен алыста ұстайды. Сағын соққылардан жалтарып, арақашықтықты қысқартуға тырысады. Бір сәтте екеуі де күліп, жаттығуды тоқтатады. Сағын камераға қарап, қолын жайып, бойы ұзын қарсыласпен спарринг өткізу қаншалықты қиын екенін әзілмен көрсетеді.

Ролик соңында Сағын босаңсып тұрған Рахмоновқа кенет жақындап, әзілдеп бір соққы жасайды.

"Бойыма 10 сантиметр жетпейді", – деп жазды Сағын, жарияланымда Рахмоновты белгілеп.

Рахмонов пен Сағынның соңғы жекпе-жектері

Шавкат Рахмонов (19–0) соңғы рет 2024 жылғы 7 желтоқсанда Лас-Вегаста өткен UFC 310 турнирінде октагонға шықты. Ол бес раундтың қорытындысы бойынша ирландиялық Иэн Гэрриді төрешілердің бірауызды шешімімен жеңді. Кейін тізесінен жарақат алып, операция жасатқан спортшы жарыстан үзіліс алды.

Қазбек Сағын (7–2) 2026 жылғы 23 мамырда Алматыдағы NAIZA FC 83 турнирінде қытайлық Вэньюнь Чжоуды төрешілердің бірауызды шешімімен жеңген. Оның келесі жекпе-жегі 19 желтоқсанға жоспарланған. Сағын Қарағандыда Шыңғыс Салбырынмен кездеседі.

Бұл туралы не ойлайсыз?