World Boxing әлем кубогы: Қазақстанның бес боксшысы алғашқы күні рингке шығады
Қазақстандық боксшылар 28 қараша, сенбі күні Ташкентте World Boxing әлем кубогының финалдық кезеңін бастайды.
Күндізгі сессия Астана уақытымен 11:00-де, кешкі сессия 16:00-де басталады. Кестеде сессиялардың басталу уақыты мен жұптардың реттік нөмірі көрсетілген.
- Күндізгі, 11:00 – 50 кг Даниял Сәбит - Шодиёржон Меликузиев (Өзбекстан)
- Күндізгі, 11:00 – 57 кг Карина Ибрагимова - У Ши И (Тайвань)
- Кешкі, 16:00 – 75 кг Шұғыла Нәлібай - Елена Гапешина (Ресей)
- Кешкі, 16:00 – 80 кг Өнер Сейілхан - Алмаз Орозбеков (Қырғызстан)
- Кешкі, 16:00 – 80 кг Валерия Аксенова - Наина (Үндістан)
Қазақстан құрамасының тізімі:
Ерлер: Даниял Сәбит (50 кг), Фарух Тоқтасынов (70 кг), Аман Қонысбеков (75 кг), Диас Молжігітов (80 кг), Дәулет Төлемісов (90 кг).
Әйелдер: Карина Ибрагимова (57 кг), Бақыт Сейдіш (70 кг), Шұғыла Нәлібай (75 кг), Валерия Аксенова (80 кг), Дина Исламбекова (80+ кг).
Бұл туралы не ойлайсыз?