Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Ташкенттегі әлем кубогы: Қазақстанның алғашқы қарсыластары анықталды

Ташкентте өтетін World Boxing әлем кубогының финалдық кезеңіне жеребе тартылды.

Ташкенттегі әлем кубогы: Қазақстанның алғашқы қарсыластары анықталды
vesti.kz

Ерлер құрамасының алғашқы жекпе-жектері

Даниял Сәбит алғашқы кездесуінде өзбекстандық Шодиёржон Меликузиевпен жұдырықтасады. Аман Қонысбековке ресейлік Сергей Сергеев қарсылас атанды. Ал Сұлтанбек Айбарұлы жартылай финалда Идар Занилов пен Норбек Абдуллаев жекпе-жегінің жеңімпазымен кездеседі.

  • 50 кг ширек финал Даниял Сәбит – Шодиёржон Меликузиев (Өзбекстан)
  • 70 кг ширек финал Фарух Тоқтасынов – Ихтияр Нишонов (Қырғызстан)
  • 75 кг ширек финал Аман Қонысбеков – Сергей Сергеев (Ресей)
  • 80 кг ширек финал Өнер Сейілхан – Алмаз Орозбеков (Қырғызстан)
  • 85 кг жартылай финал Сұлтанбек Айбарұлы – Идар Занилов (Ресей) пен Норбек Абдуллаев (Өзбекстан) жекпе-жегінің жеңімпазы
  • 90 кг жартылай финал Дәулет Төлемісов – Харш Чоудхари (Үндістан)

Әйелдер құрамасы кімдермен кездеседі?

Карина Ибрагимова 57 келіде Қытай Тайбэйінен келетін Шинь И Умен ширек финалда кездеседі. Әйелдер құрамасынан жарысты жартылай финалдан бастайтын Дина Исламбековаға үндістандық Альфия Патхан қарсылас атанды.

  • 57 кг ширек финал Карина Ибрагимова – Шинь И У (Қытай Тайбэйі)
  • 70 кг ширек финал Бақыт Сейдіш – Янь Ли (Қытай)
  • 75 кг ширек финал Шұғыла Нәлібай – Елена Гапешина (Ресей)
  • 80 кг ширек финал Валерия Аксенова – Наина (Үндістан)
  • +80 кг жартылай финал Дина Исламбекова – Альфия Патхан (Үндістан)

World Boxing әлем кубогының финалдық кезеңі 28 қараша мен 3 желтоқсан аралығында өтеді. Ташкенттегі турнирге 31 елден 142 боксшы қатысады. World Boxing ұйымы боксшыларды іріктеу қорытындысы бойынша жарысқа шақырады.

Бұл туралы не ойлайсыз?