Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

УЕФА "Бешікташ" матчындағы тәртіпсіздіктен кейін ресми тергеуге кірісті

УЕФА Еуропа лигасының жалпы кезеңі аясындағы "Бешікташ" – "Хапоэль" кездесуінде болған тәртіпсіздіктерге байланысты тергеу жүргізетін болды.

УЕФА "Бешікташ" матчындағы тәртіпсіздіктен кейін ресми тергеуге кірісті
Celal Gunes/Anadolu

Сонымен қатар ұйым "Марсель" мен "Левски" арасындағы матчта болған жанжалдарды да тексеруге кірісті. Ресми жарияланымда екі оқиға бойынша этика және тәртіптік мәселелер жөніндегі инспекторлар тағайындалғаны хабарланған. Олар болған жағдайларды зерттеп, қолда бар барлық дәлелдерді қарастырады.

"Футболда зорлық-зомбылыққа, агрессияға, өшпенділікке, сондай-ақ арандатушылық, кемсітушілік немесе экстремистік сипаттағы кез келген әрекетке орын жоқ. УЕФА аясында өтетін жарыстарда өзара құрмет, адал ойын, әділдік пен қауіпсіздік қағидаттарын ұстану қажет", — деп мәлімдеді ұйым өкілдері.

"Бешікташ" – "Хапоэль" матчында не болды?

26 қарашада Грузияның Батуми қаласында өткен кездесуде "Бешікташ" Израильдің "Хапоэль" клубын 2:1 есебімен жеңді. Алайда ойынның бірінші таймында түркиялық клуб жанкүйерлері мен полиция арасында қақтығыс болып, матч уақытша тоқтатылды.

Anadolu агенттігінің мәліметінше, полиция Палестина туын ұстаған жанкүйерге бұрыш спрейін қолданған. Бұған қоса, "Бешікташ" жанкүйерлері стадионда Палестинаны қолдайтын баннер ілген. Осыдан кейін трибунада тәртіпсіздік басталған.

Оқиға салдарынан 16 адам ұсталғанымен, кейін барлығы босатылған. Бұл жағдайға байланысты Түркияның Сыртқы істер министрлігі Грузияның Анкарадағы елшісін де шақырған.

"Марсель" – "Левски" кездесуі де жанжалсыз өтпеді

Сол күні Францияда өткен "Марсель" мен "Левски" арасындағы ойын да жанкүйерлер арасындағы қақтығыспен есте қалды. Алаң иелері 1:0 есебімен жеңіске жеткенімен, матч басталардан бірнеше минут бұрын трибуналарда төбелес болған.

"Марсель" жанкүйерлері қарсылас команданың шамамен 500 жанкүйері болған секторға басып кірген. Нәтижесінде жанкүйерлер арасында қақтығыс туындады. Оқиғадан кейін бес адам түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілсе, алты адамға оқиға орнында медициналық көмек көрсетілген.

Бұл туралы не ойлайсыз?