Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Анарбеков пен Тапалов Конференциялар лигасының тур құрамасына енді

Sofascore алматылық "Қайраттың" қақпашысы Темірлан Анарбеков пен қорғаушысы Еркін Тапаловты УЕФА Конференция лигасының 4-турындағы символикалық құрамаға қосты.

Анарбеков пен Тапалов Конференциялар лигасының тур құрамасына енді
фото ашық дереккөзден алынды

Анарбеков жеті сейв жасап, 10 балл алды

Қазақстан құрамасының қақпашысы Темірлан Анарбеков қарсыластың жеті соққысын қайтарып, қақпасына гол жібермеді. Sofascore оның ойынын ең жоғары көрсеткішпен – 10 балмен бағалады.

Еркін Тапалов турдың үздік құрамасына оң қаптал қорғаушысы ретінде енді. Ол матчтағы жалғыз гол соғып, Sofascore-дан 8,3 балл алды.

Конференциялар лигасындағы келесі матч қашан өтеді?

"Қайрат" 26 қарашада Алматыда "Мьёльбюді" 1:0 есебімен жеңді. Бұл алматылық клубтың биылғы Конференциялар лигасының жалпы кезеңіндегі алғашқы жеңісі болды.

Команда келесі кездесуін 10 желтоқсанда Алматыда өткізеді. Қарсыласы – Румынияның Крайова қаласы намысын қорғайтын "Университатя" клубы.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Клуб беті: Қайрат 2-орын