Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Александр Бублик Ресейдегі турнирді жеңіспен бастады

Қазақстандық теннисші Санкт-Петербург қаласында өтіп жатқан "Солтүстік Пальмира кубоктары" командалық турниріндегі алғашқы кездесуінде жеңіске жетті.

Александр Бублик Ресейдегі турнирді жеңіспен бастады
ҚТФ баспасөз қызметі

Жекелей сында ATP рейтингінде 25-орында тұрған Бублик француз теннисшісі Адриан Маннариномен кездесті. Тартысты матчта қазақстандық теннисші 5:3, 5:4, 5:5 есебімен басым түсті. Александр Бублик бұл турнирде "Арыстандар" командасының намысын қорғайды. Бубликтің топтағы серіктестері Анастасия Потапова, Камилла Рахимова, Корентен Муте және Дэн Эванс.

"Арыстандар" қатарынан екі жеңіске жетті

Бұған дейін "Арыстандар" сапында өнер көрсететін Анастасия Потапова (Австрия) мен Корентен Муте (Франция) да жеңіске жеткен болатын. Олар "Сфинкстер" командасының ойыншылары Карен Хачанов пен Юлия Путинцеваны 4:4, 4:2, 4:3 есебімен жеңді.

Ал әзірге "Сфинкстер" сапындағы жалғыз жеңісті әлемнің 11-ракеткасы Диана Шнайдер тіркеп, 5:2 есебімен британдық теннисші Дэн Эвансты жеңді. Диананың турнирдегі командасы Карен Хачанов, Анна Пушкарева, Юлия Путинцева және Адриан Маннарино сынды теннисшілерден құралған.

Бұл туралы не ойлайсыз?