Елена Рыбакина WTA жұлдыздарының арасында ең сұлу теннисші атанды
Әлемнің бірінші ракеткасы Елена Рыбакина шетелдік The Topspin Academy теннис басылымының WTA турындағы ең сұлу теннисшілерге арналған арнайы жарияланымына енді.
Шетелдік басылым әлеуметтік желідегі X парақшасында қазақстандық теннисшіге жеке жазба арнап, оның келбетін, сымбатын және корттағы өзін ұстау мәнерін ерекше атап өтті.
"Ерекше әсемдік, табиғи сұлулық пен сабырлы сенімділік Еленаны теннис кортында да, одан тыс жерде де даралайды. Оның келбеті, мәнерлі жанары мен қарапайым стилі көзге бірден түсетін талғампаздық сыйлайды. Корттан тыс уақытта ол өзін байсалды әрі ұстамды ұстайды. Ал жарыс кезінде дәл осы сабырлылық оның басты ерекшеліктерінің біріне айналады.
Уимблдон чемпионы, "Үлкен дулыға" турнирлерінің жеңімпазы әрі қазіргі WTA турындағы ең танымал тұлғалардың бірі Рыбакина спорттық шеберлік пен мінсіз талғампаздықты үйлестіре біледі. Оның ерекше болмысында көзге бірден түсетін тартымдылық бар. Өзіне назар аударту үшін артық әрекет қажет емес. Бұл – чемпионға тән аура", – деп шетелдіктер қазақстандық теннисшіні жоғары бағалады.
27 жастағы Елена Рыбакина үшін 2026 жылғы маусым мансабындағы ең табысты кезеңдердің бірі болды. Қазақстандық теннисші Australian Open және US Open турнирлерінде жеңіске жетіп, ел тарихында алғаш рет маусымды әлемдік рейтингтің бірінші сатысында аяқтады.