Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Роналду тарихи 1000 голға тағы бір қадам жақындады

Португалиялық шабуылшы Криштиану Роналду мансабындағы голдар санын 987-ге жеткізді.

Роналду тарихи 1000 голға тағы бір қадам жақындады
instagram/alnassr

Азия Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі бесінші турда "Әл-Садд" командасымен өткен кездесуде "Әл-Наср" жеңіске жетті. Матчтың 13-минутында португалиялық шабуылшы пенальтиден есеп ашты. Қарсылас қақпашысы соққының бағытын дәл тапқанымен, допты қайтара алмады.

Осылайша, Роналду клубтар мен ұлттық құрама сапында ресми матчтарда соғылған голдар саны бойынша өзінің әлемдік рекордын жаңартты.

Кездесудің 22-минутында "Әл-Садд" клубының жартылай қорғаушысы Мохаммед Ваад есепті теңестірді. Алайда футболшы бірінші таймның қосымша уақытында қызыл қағаз алып, алаңнан қуылды. Ойынның 52-минутында португалиялық Жоау Феликс "Әл-Насрды" қайтадан алға шығарды.

Роналду 1000 гол межесіне қаншалықты жақын?

Португалиялық футболшы мансабындағы 987 голмен тарихи межеге жақындап келеді. Енді шабуылшыға 1000 голдық көрсеткішке жету үшін тағы 13 рет мергендік таныту қажет.

Бұл жеңістен кейін "Әл-Наср" турнирлік кестесде төрт ойыннан кейін тоғыз ұпаймен бесінші орынға көтерілді. Ал "Әл-Садд" бес матчта екі ұпай жинап, 14-сатыға жайғасты.

Бұл туралы не ойлайсыз?