Швеция чемпионы Алматыға ұшып қонды
"Мьельбю" ФК Конференциялар лигасының жалпы кезеңіндегі төртінші турда "Қайратпен" кездесу үшін Алматыға жетті.
Алматыға жету үшін тоғыз сағат ұшқан
Швецияның қазіргі чемпионы сапарын Копенгагеннен бастаған. Команда Ыстанбұлда ұшақ ауыстырып, одан әрі Алматыға жол тартты. Футболшылар жалпы есеппен әуеде шамамен тоғыз сағат өткізген.
Клубтың баспасөз қызметі Алматыдағы алғашқы күннен видео жариялап, сапардан кейінгі әсерін бөлісті.
"Уақыт белдеулерінің ауысуы сезіліп жатыр, ал Алматыда жаңбыр жауып тұр. Алғашқы күн артта қалды", — делінген жазбада.
Командалардың турнирдегі жағдайы
Конференциялар лигасының алғашқы үш турынан кейін "Мьельбю" жеті ұпай жинаған.
Ал "Қайраттың" еншісінде екі ұпай бар. Алматылық клуб "Рига" және "Аталантамен" 1:1 есебімен тең түскен.
Конференциялар лигасының төртінші турындағы кездесу 26 қарашада Алматының Орталық стадионында өтеді. Басталуы — 20:30.