Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Бүгін төрт боксшысымыз Ташкенттегі әлем кубогы кезеңінде рингке шығады

Турнирдің алғашқы күнінде Қазақстан құрамасының бес өкілі рингке шықты.

Бүгін төрт боксшысымыз Ташкенттегі әлем кубогы кезеңінде рингке шығады
sportarena.kz

29 қарашада Ташкентте өтіп жатқан World Boxing-2026 әлем кубогының финалдық кезеңінде Қазақстан құрамасының төрт боксшысы рингке шығады.

Қазақстандық спортшылардың барлығы кешкі сессияда жұдырықтасады. Бағдарлама Қазақстан уақытымен 16:00-де басталады.

Карина Ибрагимова финал жолдамасы үшін жұдырықтасады

Әйелдер арасында 57 келіге дейінгі салмақта Карина Ибрагимова жартылай финалда Сербия өкілі Наталья Шадринамен кездеседі. Бұл жекпе-жек кешкі сессияның екінші жұбы ретінде өтеді.

Бұдан бөлек, Қазақстанның ерлер құрамасынан Фарух Тоқтасынов 70 келіде Қырғызстан өкілі Ихтиер Нишоновпен кездеседі.

Әйелдер арасында 70 келі салмақта Бақыт Сейдіш Қытай спортшысы Ян Люмен жұдырықтасады.

Ал 75 келіде Аман Қонысбеков Ресей өкілі Сергей Сергеевке қарсы рингке шығады.

Қазақстандық боксшылардың жекпе-жек кестесі:

  • 2-жұп. 57 кг, әйелдер, жартылай финал: Карина Ибрагимова – Наталья Шадрина (Сербия);
  • 6-жұп. 70 кг, ерлер, ширек финал: Фарух Тоқтасынов – Ихтиер Нишонов (Қырғызстан);
  • 9-жұп. 70 кг, әйелдер, ширек финал: Бақыт Сейдіш – Ян Лю (Қытай);
  • 11-жұп. 75 кг, ерлер, ширек финал: Аман Қонысбеков – Сергей Сергеев (Ресей).

Турнирдің алғашқы күнінде Қазақстан құрамасының бес өкілі рингке шықты.

Даниял Сәбит (50 кг), Шұғыла Нәлібай (75 кг) және Валерия Аксенова (80 кг) өз жекпе-жектерінде жеңіліп қалды.

Ал Өнер Сейілхан (80 кг) мен Карина Ибрагимова (57 кг) жарысты жеңіспен бастады.

Бұл туралы не ойлайсыз?