Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

"Ақтөбе" үздік сұрмергенін жібергісі жоқ

Қазақстан құрамасының шабуылшысы Артур Шушеначев 2027 жылғы маусымда "Ақтөбе" сапында қалуы мүмкін.

"Ақтөбе" үздік сұрмергенін жібергісі жоқ
nur.kz

Шушеначевтың болашағына қатысты шешім 

Инсайдер Елдар Аманбаевтың мәліметінше, басқа клубтардың қызығушылығына қарамастан ақтөбелік ұжым 28 жастағы шабуылшысын құрамда сақтап қалуды көздеп отыр.

"Ақтөбе" басшылығы футболшыны келесі маусымда да команданың маңызды ойыншыларының бірі ретінде қарастырады. Шушеначев 13-26 желтоқсан аралығында Түркияның Анталья қаласында өтетін алғашқы оқу-жаттығу жиынына командамен бірге аттанады.

"Шушеначевтың "Ақтөбемен" қолданыстағы келісімшарты бар. Сондықтан клуб басшылығы үздік сұрмергенін жіберуге ниетті емес. Дегенмен тараптардың одан әрі бірлесіп жұмыс істеуіне қатысты түпкілікті шешім алғашқы оқу-жаттығу жиынынан кейін қабылданады. Жиын қорытындысы бойынша клуб пен футболшы алдағы жоспарларын айқындайды", – деп мәлімдеді дереккөз.

Өткен маусымдағы көрсеткіші

Артур Шушеначев 2026 жылғы маусымда "Ақтөбе" сапында барлық турнирді қосқанда 33 матч өткізіп, 11 гол соқты және бес нәтижелі пас берді.

Transfermarkt порталы Қазақстан құрамасы шабуылшысының нарықтық құнын 900 мың еуроға бағалап отыр.

Бұл туралы не ойлайсыз?