Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

"Ордабасы" жаңа бас бапкерді ресми таныстырды

Шымкенттің "Ордабасы" ФК бельгиялық маман Карел Герартспен 2028 жылдың соңына дейін келісімшарт жасасты.

"Ордабасы" жаңа бас бапкерді ресми таныстырды
instagram.com/fc__ordabasy/

Герартстың футболшылық мансабы

Бельгиялық маман футболшы ретінде "Брюгге", "Стандард", "Локерен", "Левен" және "Шарлеруа" клубтарының намысын қорғаған. Мансабында Бельгия чемпионы атанып, ел кубогы мен Суперкубогын жеңіп алған.

Сонымен бірге Бельгия құрамасы сапында 20 кездесу өткізіп, төрт гол соққан.

Еуропа лигасында жетістікке жеткен

Герартс бапкерлік мансабында 2019 жылы бельгиялық "Юнион Сент-Жиллуаз" клубының жаттықтырушылар штабына қосылды. Оның бас бапкердің көмекшісі қызметін атқарған кезеңінде команда 48 жылдан кейін Бельгияның жоғары дивизионына оралып, келесі маусымда ел чемпионатының күміс жүлдегері атанды.

Карел Герартс 2022 жылы "Юнионның" бас бапкері болып тағайындалды. Оның жетекшілігімен команда Бельгия чемпионатында қола медаль иеленіп, ел кубогының жартылай финалына және УЕФА Еуропа лигасының ширек финалына дейін жетті.

Осы жетістіктерінің арқасында Герартс Бельгияның үздік жаттықтырушысына жыл сайын табысталатын Раймон Гуталс атындағы сыйлықтың иегері атанды.

Германия мен Франциядағы тәжірибесі

Бельгиялық маман 2023–2024 жылдары Германияның "Шальке 04" клубын жаттықтырды. Ал Қазақстанға келгенге дейін Францияның "Реймс" командасын басқарған. Герартстың жетекшілігімен франциялық ұжым 2025/26 жылғы маусымда ел кубогының ширек финалына шықты.

Еске салайық, бұған дейін "Ордабасыны" молдовалық маман Андрей Мартин жаттықтырған. Оның жетекшілігімен шымкенттік клуб Қазақстан Премьер-лигасы мен ел кубогын жеңіп алды.

Бұл туралы не ойлайсыз?