Өзбекстан Геннадий Головкинге ерекше сыйлық тарту етті
World Boxing халықаралық ұйымының президенті Ташкенттегі әлем кубогының финалдық кезеңінде Өзбекстан бокс федерациясының арнайы сыйлығына ие болды.
Өзбекстан бокс федерациясының баспасөз қызметінің мәліметінше, Ташкентте өткен салтанатты рәсімде Геннадий Головкин мен жақында World Boxing ұйымының вице-президенті болып тағайындалған Миршохид Тиллабаевқа естелік сыйлықтар табысталды.
Халықаралық ұйым басшыларына алтын түсті қос бокс қолғабы бейнеленген арнайы мүсіншелер тарту етілді. Қолғаптардың білезік бөлігінде олардың есімдері мен лауазымдары жазылған.
Ал мүсіншенің қара түсті тұғырына "Рингтен тыс бокстың чемпионына. 20.11.2026, Панама" деген жазу қашалған. Бұл – халықаралық ұйымның жақында Панамада өткен конгресіне жасалған ишара. Сыйлықтарды қабылдап алған Геннадий Головкин мен Миршохид Тиллабаев мүсіншелерге өз қолтаңбаларын қалдырды.
Геннадий Головкин Өзбекстан астанасына World Boxing әлем кубогының қорытынды кезеңіне қатысу үшін арнайы барды. Халықаралық турнир Ташкентте 28 қараша мен 3 желтоқсан аралығында өтеді.