ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ 21-тур

WBA белбеуінен айырылған Шахрам Гиясов Ташкентке оралды (ВИДЕО)

Алғаш рет жеңілген өзбекстандық кәсіпқой боксшы Шахрам Гиясовты жақындары Ташкент әуежайынан күтіп алды.

WBA белбеуінен айырылған Шахрам Гиясов Ташкентке оралды (ВИДЕО)
goldboxing.ru

Шахрам Гиясов елге оралды

Гиясовтың анасы да ұлын күтіп алуға келген. Боксшы елге оралған сәттің видеосын өзінің Instagram парақшасында жариялады.

Еске салайық, 23 мамырда 32 жастағы Шахрам Гиясов Мысырдағы бокс кешінде ұлыбританиялық Джек Кэттероллмен жұдырықтасты. Бұл жекпе-жекте жартылай орта салмақтағы WBA нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағы сарапқа салынған.

12 раундқа созылған кездесудің қорытындысы бойынша төрешілер жеңісті бірауыздан британиялыққа берді.

Мансабындағы алғашқы сәтсіздік

Шахрам Гиясов кәсіпқой бокста жеңілмегендердің қатарында болған. Бірақ Мысырдағы жекпе-жектен кейін оның рекорды 17 жеңіс және 1 жеңіліс болып өзгерді.

Ал Кэттероллдың көрсеткіші 33 жеңіс, 2 жеңіліс және 14 нокаутқа жетті.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір жазу үшін кіріңіз.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.