Суперауыр салмақтағы Темірғали Азия чемпионатының финалында еае жіберді
Қазақстандық жас балуан Арыстан Темірғали Данангта өтіп жатқан 17 жасқа дейінгілер арасындағы Азия чемпионатында күміс жүлдегер атанды.
Қазақстандық "классиктердің" екінші финалы
Вьетнамның Дананг қаласында 17 жасқа дейінгі балуандар арасындағы Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының грек-рим күресі шеберлері алғашқы жарыс күнінде бірнеше медаль еншіледі.
Қуанышбек Жаңажолдың жеңісті жолын жалғастыруға Қостанай облысының өкілі Арыстан Темірғали тырысты. Ол 110 келіге дейінгі салмақта финалға дейін жетіп, алтын медаль үшін белдесті.
Темірғали шешуші белдесуде ирандық Алиакбар Акумен кездесті. Боз кілемдегі айқас 8:1 есебімен аяқталды.
Арыстан Темірғалидың финалға дейінгі жолы
Отандасымыз финалға дейін өте сенімді өнер көрсетті. Екі кездесуде де қарсыластарына мүмкіндік берген жоқ.
Ширек финал:
- Шинта Йошида, Жапония — 9:0
Жартылай финал:
- Нариман Анаркулов, Қырғызстан — 8:0
Алғашқы күндегі бес медаль
17 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасы грек-рим күресінен Азия чемпионатының алғашқы күнінде жалпы бес медаль иеленді.
Бұған дейін қола жүлдегер атанған балуандар:
- Әли Алмас — 45 келі
- Датқа Лесбек — 48 келі
- Ескендір Бауыржан — 60 келі
Ал Қуанышбек Жаңажол алтын медаль жеңіп алса, Арыстан Темірғали күміс жүлде қосты.
Қазақстан құрамасының қоржынында алты медаль болуы мүмкін еді. Бірақ 55 келіге дейінгі салмақта Дияр Аманәлі қола медаль үшін белдесуде өзбекстандық Асылбек Каримовке 3:5 есебімен есе жіберді.