Ағайынды Сабырхандар әкелеріне «қарсы» шықты
Қазақ мақтанышы, әлем чемпионы Махмұд Сабырхан әлеуметтік желіде ерекше бейнежазба жариялады.
Күлкі мен қайсарлық тоғысқан сәт
Видеода Қазақстан ұлттық құрамасының көшбасшысы Махмұд пен оның туған інісі Төрехан, сондай-ақ олардың әкесі көрініс табады. Екі бірдей әлем чемпионы бокс қолғаптарын киіп, әкелеріне қарсы «шартты жекпе-жекке» шығады. Алайда үйдің иесі чемпиондарға дес бермей, қолындағы қос қамшымен балаларына «нақты дайындық» ұйымдастырады.
«Үйде осылай жаттығамыз», — деп жазды Махмұд Сабырхан Instagram парақшасында.
Сабырхандар – бокс тарихындағы тұңғыш ағайынды чемпиондар
Айта кетейік, Ливерпульде өткен World Boxing чемпионатында Махмұд пен Төрехан Сабырхан қазақ спорты тарихында бұрын-соңды болмаған жетістікке жетті. Екі туған бауыр әлем біріншілігінде қатарынан алтын медаль жеңіп алып, әлемдік әуесқой бокстың тарихына есімдерін алтын әріппен жазды.