ҚПЛ-дегі клубтар саны 18-ге дейін артпақ
Әзірге бұл бастамаға қатысты нақты мерзім мен ресми регламент жарияланған жоқ.
Қазақстан Премьер-лигасындағы командалар санын 18 клубқа дейін көбейту жоспарланып отыр. Бұл туралы спорт функционері Дидар Сыдықбек өзінің Telegram арнасында хабарлады.
Сыдықбектің мәліметінше, Қазақстан футболының жоғары дивизионында қазіргі форматты өзгертіп, клубтар санын 18-ге жеткізу жоспары қарастырылып жатыр.
Әзірге бұл бастамаға қатысты нақты мерзім мен ресми регламент жарияланған жоқ.
Жуырда аяқталған ҚПЛ-2026 маусымында чемпион өзгерді. Соңғы екі жылда топ жарған алматылық "Қайраттың" орнына шымкенттік "Ордабасы" Қазақстан чемпионы атанды.
"Қайрат" екінші орын алса, "Астана" маусымды үшінші сатыда аяқтады.
Ал талдықорғандық "Жетісу" мен қызылордалық "Қайсар" жоғары дивизионнан шығып қалды. Олардың орнына ҚПЛ-ға қарағандылық "Шахтер" мен "Тұран" келеді.
Еурокубок жолдамасының тағдыры Кубок финалына байланысты
Қазақстан кубогының финалы 7 қарашада өтеді. Шешуші матчта "Ордабасы" мен "Қайсар" кездеседі.
Егер ел чемпионы "Ордабасы" Кубокты да жеңіп алса, келесі маусымдағы еурокубок жолдамаларының бірі ҚПЛ-ды төртінші орынмен аяқтаған көкшетаулық "Оқжетпеске" бұйырады.