ҚПЛ клубтарына 31 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді: кім қанша алды?
Жарияланған мәлімет бойынша, бюджеттен ең көп қаржы шымкенттік "Ордабасыға" бөлінген – 2,811 млрд теңге.
2026 жылы Қазақстан Премьер-лигасында өнер көрсеткен клубтарға мемлекеттік бюджеттен жалпы 31,236 млрд теңге бөлінген.
Telegram-дағы "Дядя Ваня" арнасы мемлекеттік тендерлерді талдап, облыстық және қалалық әкімдіктердің ҚПЛ командаларын қолдауға бағыттаған қаражатын есептеді.
Ең көп қаржыны "Ордабасы" алды
Жарияланған мәлімет бойынша, бюджеттен ең көп қаржы шымкенттік "Ордабасыға" бөлінген – 2,811 млрд теңге. Одан кейін семейлік "Елімай" келеді – 2,808 млрд теңге.
Үшінші орында қостанайлық "Тобыл" тұр. Клубқа 2,693 млрд теңге бөлінген.
Үздік бестікке сондай-ақ:
- "Жетісу" – 2,613 млрд теңге;
- "Ақтөбе" – 2,477 млрд теңге енген.
ҚПЛ клубтарына бөлінген бюджет қаражаты
2026 жылғы мемлекеттік қаржыландыру көлемі:
- "Ордабасы" – 2 811 000 000 теңге;
- "Елімай" – 2 808 000 000 теңге;
- "Тобыл" – 2 693 000 000 теңге;
- "Жетісу" – 2 613 000 000 теңге;
- "Ақтөбе" – 2 477 000 000 теңге;
- "Алтай" – 2 446 000 000 теңге;
- "Атырау" – 2 400 000 000 теңге;
- "Қызылжар" – 2 126 000 000 теңге;
- "Оқжетпес" – 2 100 000 000 теңге;
- "Ұлытау" – 1 987 000 000 теңге;
- "Қайсар" – 1 871 000 000 теңге;
- "Ертіс" – 1 655 000 000 теңге;
- "Каспий" – 1 500 000 000 теңге;
- "Жеңіс" – 999 000 000 теңге;
- "Қайрат" – 750 000 000 теңге;
- "Астана" – 0 теңге.
"Астанаға" бюджеттен тікелей қаржы бөлінбеген
Елорда клубы 2026 жылы жергілікті бюджеттен тікелей қаржыландыру алмаған. Алайда бұл "Астана" қаржылық қолдаусыз қалды дегенді білдірмейді. Дереккөздің түсіндіруінше, клуб Sport Qory спортты қолдау қоры арқылы қаржыландырылады. Қордың 2026 жылғы шығындары келесі жылы ғана жарияланады.
Чемпион "Ордабасы" болды
ҚПЛ-2026 маусымының қорытындысы бойынша "Ордабасы" Қазақстан чемпионы атанды.
"Қайрат" күміс жүлде алса, "Астана" үшінші орынға ие болды.
Ал талдықорғандық "Жетісу" мен қызылордалық "Қайсар" жоғары дивизионнан шығып қалды.