"Зенит" ойыншысы Нұралы Әліпты "мазақ" етті (ВИДЕО)
"Зениттің" жаттығуында қызықты жағдай болды. Қазақстан құрамасының қорғаушысы Нұралы Әліп бұл сәттің басты кейіпкеріне айналды.
instagram/@zenit_spb
Мостовой мен монодөңгелек: командалық әзіл
Петерборлық клубтың жартылай қорғаушысы Андрей Мостовой өзінің Instagram парақшасында Нұралы Әліппен болған қызықты видеоны жариялады. Видеода Мостовой монодөңгелекпен жүру тәсілін көрсетіп, оны Нұралыға "үйретпек" болады. Бірақ бұл оқыту әзілге айналып, қазақстандық футболшыны ыңғайсыз күйге түсірген сәт түсірілімге еніп кеткен.
Әліптің "Зениттегі" жолы
Нұралы Әліп 2023 жылы "Қайраттан" "Зенит" сапына ауысқан. Өткен маусымда 29 матч өткізіп, 1 гол соғып, 1 нәтижелі пас берген. Ал биылғы маусымда 25 жастағы орталық қорғаушы командасымен бірге Ресей Премьер-Лигасының күміс жүлдегері атанды.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet