Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Қазақстан құрамасы Беларуське қарсы матчта бес гол жіберді

Екі матчтан кейін Какау шәкірттерінің еншісінде 3 ұпай бар.

Қазақстан құрамасы Беларуське қарсы матчта бес гол жіберді
sportarena.kz

Футзалдан Қазақстан құрамасы 2028 жылғы әлем чемпионатының негізгі іріктеу кезеңіндегі екінші матчында Беларусь командасына 1:5 есебімен жеңілді.

Кездесу бейтарап алаңда, Словакияның Гуменне қаласында өтті.

Қазақстан бірінші таймда үш гол жіберді

Матчтағы есеп 7-минутта ашылды. Беларусь құрамасының ойыншысы Владислав Селюк қарсыласын алға шығарды.

Үш минуттан кейін Алексей Пинчук есепті 2:0-ге жеткізді.

13-минутта Қазақстан құрамасының қақпашысы Игита қателік жіберді. Осы сәтті пайдаланған Виталий Шадурко беларусьтердің үшінші голын соқты.

Екінші таймда есеп 5:0-ге дейін жетті

28-минутта Біржан Оразов доптан айырылып, қарсылас кезекті шабуылын голмен аяқтады. Бұл жолы Сергей Крыкун мергендігімен көзге түсті.

Матчтың соңғы, 40-минутында Нұрсұлтан Пиялының қателігінен кейін Сергей Синицкий есепті 5:0-ге жеткізді.

Финалдық сирена алдында ғана Қазақстан құрамасы бір голмен жауап қайтарды. Команда сапындағы жалғыз допты Ринат Төреғазин соқты.

Алғашқы матчта Қазақстан жеңген еді

Айта кетейік, алтыншы топтағы алғашқы кездесуде Қазақстан құрамасы Беларусьті Астанада 5:4 есебімен жеңген болатын.

Екі матчтан кейін Какау шәкірттерінің еншісінде 3 ұпай бар.

Ал Беларусь үш кездесуден кейін 6 ұпай жинап, топта көш бастады. Албания бір матчтан соң әзірге ұпайсыз келеді.

Бұл туралы не ойлайсыз?